Консорциум
Словак ауыл шаруашылығы университеті, Нитра қаласы (SUA)
Словак ауыл шаруашылығы университеті, Нитра қаласы (SUA) Нитра қаласындағы Словак ауылшаруашылық университеті (SUA) 8700 студенттері бар, жетекші білім беретін және ғылыми мекеме болып табылады. Оның басты мақсаты студенттерді ауыл шаруашылығы саласында және еуропалық зерттеулер және өңірлік даму, тамақ өнімдері туралы ғылым, биотехнология, экономика және менеджмент, ландшафтық сәулет, ландшафтық инжиниринг, техникалық салалар секілді ауыл шаруашылығымен байланысты салаларды жоғары біліммен қамтамасыз ету. SUA 6 факультеттен тұрады және білім беруді 3 цикл (бакалавриат, магистратура және PhD докторантура) бойынша маман дайындайды. Еуропалық зерттеулер және өңірлік даму факультеті (бұдан әрі FESRD) Бірыңғай ауылшаруашылық саясатқа (CAP) ерекше назар аударатын ЕО саясатында сараптама мен құзыретке ие университетің ең жас факультеті болып табылады. FESRD мамандары өз саласындағы біліммен қамтамасыз етушілер ғана емес, сонымен қатар, кәсіпқой ретінде тренинг, консультация, семинар мен конференцияларды өткізеді, сол арқылы жастармен жұмыс жасауға қажетті тәжірибе мен дағдыларға ие.
Табиғи ресурстар мен жаратылыстану ғылымдары университеті (BOKU)
Табиғи ресурстар мен жаратылыстану ғылымдары университеті (BOKU) табиғи ресурстарды басқару және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жалғыз австриялық университет. Ол жерде 12000 студент (олардың 21% шетелдіктер) білім алуда. ЕО білім беру жобалары мен үйлестіретін зерттеулер мен білім беру жобалары бойынша үлкен тәжірибеге ие және әртүрлі шәкіртақылық бағдарламалар бойынша студенттер мен қызметкерлер алмасудын жүзеге асырады. Қазіргі таңда табиғи ресурстар мен қолданбалы ғылымдар университетінде 9 бакалавр, 30 магистерлік және 4 PhD программалары жүргізілуде.
Чехия жаратылыстану ғылымдары университеті, Прага қаласы (CULS)
Чехия жаратылыстану ғылымдары университеті, Прага қаласы (CULS) Болон процесіне сәйкес бакалавр, магистр және PhD докторы дәрежелері бойынша жоғары білім береді. Университетте 23000 астам студент , оның 2400-ден астамы шетелдік студенттер,оның ішінде 400-ге тарта студент Орталық Азиядан, оның 319-ы Қазақстаннан және 31-і Өзбекстаннан білім алуда. Жалпы алғанда 19 оқу бағдарламалары ағылшын тілінде жүргізіледі. Университет бұрыннан ауыл және орман шаруашылығы бойынша зерттеулер орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта ғаламдыққарқындарға сай, CULS жеке және мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар, халықаралық ұйымдар аграрлық және экологиялық секторлар экономикасына ерекше назар аудара отырып, экология және қоршаған орта саласындағы жоғары білім беру салларын дамытуда.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ)
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) үш деңгейлі: бакалавр - магистр – PhD доктор мамандар дайындау жүйесін сәтті жүзеге асырып келе жатқан, 85- жылдық тарихы бар және республикадағы ең алғашқы университеттердің бірі болып табылады. ҚазҰАУ агроөнеркәсіптік секторда және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті мамандарды дамыту үшін жағдай жасау басты мақсаты болып табылатын, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік-бағдарланған, жоғары мәдени және толерантты адамды тәрбиелеу университет миссиясы болып табылады. Университет елдің агроөнеркәсіптік дамуының білім беру, ғылыми және инновациялық Орталығы болып танылды. Университет Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхит аймағының 105 университетімен, ғылыми-зерттеу институттарымен және орталықтарымен тұрақты қарым-қатынас орнатқан. Қазіргі таңда ҚазҰАУ бакалавриаттың – 41, магистратураның – 39, PhD докторантураның – 16 оқу бағдарламалары бойынша 6000 астам студенттер білім алады.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай (ҚМУ)
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай (ҚМУ) елдің солтүстік бөлігінде орналасқан жетекші оқу және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады. Университет құрамында бакалавриаттың - 34, магистратураның – 21 және PhD докторантураның - 4 оқу бағдарламаларыбойынша білім беретін 7 факультет бар. KSU Еуропалық университеттер ассоциациясының мүшесі болып табылады. Университет қызметі білім беру және ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру арқылы өңірлік даму қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Аграрлық және биологиялық факультеттерде 4 кафедра жұмыс істейді. «Экология» кафедрасында екі бағдарлама бар: бакалавриаттың «Экология» және магистратураның «Геоэкология және қоршаған ортаны басқару».
Алишер Навои атындағы Самарканд мемлекеттік университеті (СамМУ)
Алишер Навои атындағы Самарканд мемлекеттік университеті (СамМУ) Өзбекстандағы ежелгі және ең ірі оқу орындарының бірі болып табылады. Ол XX ғ. басында ресми түрде ашылғанымен, университеттің түп тамыры XIV ғ. Ұлықбек кезеңінен бастау алады. СамМУ-нде 9 факультет жұмыс жасайды. Бакалавриат пен магистратура оқу бағдарламалары бойынша 10000-нан астам студент білім алады.
Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті (ҚарМУ)
Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті (ҚарМУ) батыс Өзбекстандағы ең ірі университеттердің бірі болып табылады. ҚарМУ ГАЖ-де магистрлық бағдарламаны бейімдеу мен дамытуға назар аударады. Берілетін жоғары білім географиялық ақпараттық жүйелерге, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуге, табиғатты қорғау және топырақтану мен жер пайдалануға бағдарланған бакалавр мен магистр курстарын қамтиды.