Index

ECAP жобасының веб-сайтына қош келдіңіз

ECAP Erasmus + KA2 № 561590-EP-1-2015-1-SEP KA2-CBHE-JP жоғары білім саласындағы әлеуетті өсіру бойынша жоба болып табылады және Словакия, Австрия, Чехия, Қазақстан мен Өзбекстан елдеріндегі серіктестер консорциумында жүзеге асады. Жоба Өзбекстан мен Қазақстанда жүзеге асқан ауылшаруашылық саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатын қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы хабардар болуды күшейту және нығайту қажеттілігімен анықталады. Олар академиялық деңгеймен қатар, тиісті салалардағы саясатты анықтайтын басқа тұлғалардың деңгейінде көпшілікпен талқылауды ынталандыру мақсатында Өзбекстан және Қазақстан университеттерінің студенттеріне жолданған инновациялық оқу жоспарлары арқылы іске асырылады.

Серіктестердің ынтымақтастығы Erasmus Mundus және Leonardo da Vinci секілді алдыңғы жобалардың шеңберінде жинақталған оң тәжірибе мен сараптамалық білімдерге негізделеді. Жобаны 3 жыл ішінде (2015 жылдың 15 қазаны - 2018 жылдың 14 қазанына дейін) жүзеге асыру жоспарланған. Координаторлар: Словак ауыл шаруашылығы университеті (Нитра, Словакия); табиғи ресурстар мен жаратылыстану ғылымдары университеті (Вена, Австрия); Чехия жаратылыстану ғылымдары университеті (Прага, Чех Республикасы); Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы, Қазақстан), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қостанай, Қазақстан), Әлішер Навои атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті (Самарқанд, өзбекстан); Бердах атындағы Каракалпак мемлекеттік университеті (Нүкіс, Өзбекстан).